Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Кітап адам өмірінде

Санитарлық кеңес «Кітап ауруханасы» тақырыбында кездесу – ойын өткізді. Қазіргі күні адам өмірінде кітаптың рөлі көп емес. Заманға сай өмірдің даму кезеңдерінде ақпарат алатын телевидение, радио, интернет секілді жаңа тәсілдер кітаптың орынын алмастырды. Қазіргі балалар кітап оқи ма? ЖОҚ! Көбісі тарих, география, биология бойынша қарапайым параграфты оқу қажет емес деп есепетейді, дәптерге жазғаннан немесе мұғалімнің айтқанынан бәрін есте сақтауға болады деп ойлайды.

Бұрындары әр үйде ұлы жазушылардың кітаптарын жинап қоятын , үлкен кітап сөрелері болатыны бәріміздің есімізде. Ал , қазір қонаққа барғанда көретініміз компьютерлер, телефондар, телевизорлар, жұлдыздар туралы жылтыраған журналдар, диск, файлдарға арналған сөрелер. Адамдарға қалай өмір сүру керектігін үйретіп, жол сілтейтін кітаптар жәшіктерде жатыр. Танымал журналдар мен дау – дамайлы телешоу қандай білім беруі мүмкін деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Ал бар мәселе адамдар көбінесе технологиямен айналысып, нағыз құндылықтарды ұмыта бастағандығында. Біздің кездесуіміз «Кітап біздің досымыз» деген ұранмен өтті. Алғашқы минутынан бастап - ақ балалар эмоционалды іскерлік көңіл –күйде болды. Балалар «Кітап тарихы» туралы презентация көріп, «Ертегінің дұрыс аталуына көмектес» деген ойын ойнады.Ойын барысында балаларды өздеріне белгілі ертегілер бойынша тапсырмалар қызықтырды.Сосын ертегінің электрондық вариантын тыңдады.
Кітап – ол ғажайып дүние. Кездесу барысында біз кітаптың тарихы, оның адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгіме қозғадық. «ИӘ – ЖОҚ» деген ойынды ойнай отыра біз «Кітап ауруханасы» деген негізгі тақырыпқа көштік.
Балалар кітапқа диагноз қойып үйренді, нағыз хирургтердей кітаптың құрылын талдады. Мұқаба – бұл кітаппан алғашқы танысу. «Киіміне қарай қарсы алады...» деп орыс мақалында тегін айтылмаған ғой.Кітаптың түбі қатты , берік ал мұқабасы жұмсақ болатындығын тағы да бір естеріне түсірді.Балалардың сөздік қоры кітап блогы, ляссе, форзац, аннотация, мазмұны, эпилог секілді жаңа сөздермен толықты.
Кітаптарға диагноз қойған балалар « ауруларды» хирургтардың, яғни еңбек кеңесіне тапсырды. Соңында барлығы бір қорытындыға келді: кітап оқыған адам ұзақ уақытқа жас болып қалады – алдымен адамның миы қартая басталайтыны белгілі, сондықтан кітапты көп оқу керек. Біз сіздерге көптеген жақсы кітаптар мен қызықты оқиғалар және нағыз бақыт тілейміз!