Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Спорт кеңесі өз жұмысы туралы

1 желтоқсан күні  балалар үйінде тұңғыш президент күніне арналған теннис және асық бойынша  турнир  болып өтті. Асық турнирі екі түрінен «бес тас» және «шеңбер»  бойынша  өткізілді. Ұлдар мен қыздар жеке –жеке  сайысқа түсті.Ересек топтан ұлдар арасында  Стёпочкин Виталий,  кіші топтан   Филатов Артём бірінші орынға шықты. Ал қыздар арасында  Махажанова Айжан бірінші орынды жеңіп алды.Бұл балалар ептілік, дәлділік және шеберлік көрсете білді. Балалардың тағы да бір сүйікті ойыны –теннис.Турнирге 11 тәрбиеленуші қатысты. Қыздар арасында   Краева Алёна , ұлдардан Лопатин Артур бірінші орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар грамоталармен марапатталды 8 желтоқсан күні  Махажанова Айжан , Горбатюк Серёжа  және  Филатов Артём  асық ату ойыны бойынша ҚР Тәуелсіздік күніне арналған , Екібастұз қалалық «Отарқа» газеті жүлдесіне  арналған  қалалық бірінші чемпионатының  ашылуына қатысып, сертификатқа ие болды. Баскетбол  командасы қала мектептері арасында өткізілген сайысқа қатысты. Олардың  спортшы –баскетболшы  ретінде өскендігі туралы атап өтілді.