Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Тәрбиеленушілер кеңесінің Заңы

Бұл заңдарды білу керек және оларды орындау керек
1. «00 заң» - дәлдік заңы
2. «Еркін микрофон заңы» - кездесу тақырыбына байланысты әр бірі өз пікірін айтып әңгімеге араласа алады;
3. «Қол көтеру заңы» - бұл заңды бәрі біледі – 10 секундтан соң тынышталады;
4. «Сынау заңы» - сынай отырып, ұсыныс жасау дәстүрін білу;
5. «Зал заңы» - орыныңда отырып дауыстап қолда, бірақ бөгет болма;
6. «Уақыт заңы» - уақытты босқа алмай , қысқа және анық сөйле;
7. «Адамдармен жақсы қарым –қатынас заңы»
8. «Ұжыммен талдап шешім шығару заңы»
9. «Ар намыс заңы»
10. «Қамқорлық пен жанашырлық заңы»

Тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері

Тәрбиеленуші құқылы:
ақысыз өмір сүріп, орта білім алуға;
өз құқығы мен қызығушылығын қорғауға;
өзінің шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын дамытуға;
қарым –қатынаста және дамуындағы туындаған мәселелер бойынша кәсіби көмек алуға;
демалуға, ұйымдастырылған бос уақытқа;
балалар үйінің материалдық мүлкін қолдануға;
балалар үйінің барлық қызметі бойынша өз пікірін білдіруге , белсенділік танытуға;
сайыс, конкурс, байқауларда балалар үйінің атынан шығуға;
балалар үйінің өзін –өзі басқару органына және тәрбиеленушілер кеңесіне сайлануға және сайлауға;

Тәрбиеленуші міндетті:
өз қабілетіне сай, өз еркімен білім алуға;
балалар үйінің қызметіне араласуға, өз –өзіне қызмет етуге, өзін –өзі басқаруға;
балалар үйінің эстетикалық бейнесін сақтауға, реттілік пен тазалықты сақтауға, өз заттарын ретті ұстауға, балалар үйінің мүлкін пайдалануға және оның сақталуына қамқор болуға;
басқа адамның ар намысын сыйлауға;
салауатты өмір сүру салтын ұстануға;
балалар үйінің ережесін сақтауға;
балалар үйінің абыройын сақтау, балалар үйінен тыс жерде де сақтауға;

Тәрбиеленушіге шектеу қойылады:
уландырғыш немесе наркотикалық заттар, спиттік ішімдіктер, шылым, қару секілді заттарды қолдануға және кіргізуге;
жарылыс немесе өрт шығуға себепші болатын кез келген заттарды қолдануға;
«өз ара қатынастарын анықтау» үшін күш көрсетуге, қорқытуға, бопсалауға;
өзіне және маңайындағыларға қауіп тудыратын әрекет жасауға;
мәдениетті адамның моралдық және этикалық нормаларына сай келмейтін, денелей зақымдау іс –әрекетін жасауға.

Ең үздік жеңіс – өзіңді өзің жеңу

Өз өзіңмен бол – жұлдыз бол!

Мен - Қазақстан азаматымын.
Мен – демократиялық қоғамның адамымын.
Мен – толерантты тұлғамын.
Мен - командада тиімді жұмыстаймын, жақсы қатынаста боламын.
Мен – табысты оқушымын , мен ынтамен оқимын.
Мен – өзімді дамыта аламын.уақытты бағалаймын, жинақымын.
Мен - салауатты өмір сүру салтын сақтанамын.
Мен – алкоголдық ішімдік пен шылымға қарсымын.
Мен – ұжымдық – шығармашылық жұмысқа белсене араласамын.
Мен – бастамашыл, елгезек, жауапаты, өздік көз қарастымын.
Мен – мен дөрекілікке әдесіздікке жол бермеймін.
Мен – табиғат қорғаушысымын.
Мен – жақсы әңгімешімін,ой өрісімді, интеллектімді дамытамын.
Мен - еңбекқормын, өз қабілетім мен дарынымды дамытамын.
Мен – болашақ отағасымын, отбасылық дәстүрді бағалаймын.
Мен – зорлыққа қарсымын.
Мен – даулы мәселені бейбіт жолмен шеше аламын.
Мен – көшбасшымын, өзімді танимын өзімді дамытамын
Мен – волонтёрмын. Қоғамға пайдамды тигізгім келеді.
Мен – «Балалар –балаларға» акциясының қатысушысымын.
Мен - достаса аламын,әр кез досыма көмектесуге дайынмын.
Мен - өз үйімді жақсы көремін, оның дәстүрлерін бағалаймын.
Мен – балалар үйі тәрбиеленушілерінің кодексін сақтаймын.