Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Асырап алушы ата-аналар мектебіндегі сабақтарды жалғастырамыз

COVID-19 пандемиясына байланысты әлемде қалыптасқан барлық жағдайға қарамастан, біз асырап алушы ата-аналар мектебінде сабақ беруді жалғастырудамыз. Әрине, сабақтар, өкінішке орай, онлайн форматта өтеді. Бүгінгі таңда асырап алушы ата-аналарға 27 үміткер апта сайын біздің  сабақтарымызға  қатысады. 

Асырап алушы ата-аналар мектебінің алғашқы түлектері

2020ж.11.12. күні  12 асырап алушы ата –ана  кандидатын оқыту аяқталды.   Бұл  топтың тренері - пихолог Кудушева Алмагуль Рашидовна.Естеріңізде болса , Орталықта алғашқы ағымның  бірінші  тобы оқуды бітірген болатын.  Бұл алғашқы  ағымның екінші тобы. Оқыту кезінде ешкім де сабақтан қалмай асырап алушы ата –аналар мектебін бітіргендеріне  әрине біз өте қуаныштымыз.

Ақша санап үйренеміз

Тәрбиеші  К.Б. Рамазанова  қаржылық сауаттылық мектебінің кезекті сабағын өткізді. Тақырыбы: Отбасылық бюджеттің құрылымы.Ақша қайда кетеді ? Шығын дегеніміз не?

Бала дамуы

2020ж.17.09. күні  әлеуметтік  педагог А. А. Родионова  Асырап алушы ата –аналар мектебінің «Бала дамуы» тақырыбындағы сабағын өткізді. Асырап алушы атан –аналар мектебінің бірінші тобында  асырап алушы атан –анаға   13 кандидат оқып жатыр. Әр бір жаңа сабақ  міндетті түрде сәлемдесуден басталып, өткен сабақ тақырыбы бойынша кері байланыспен басталады.

Ынтымақтастыққа шақыру

2020ж.14.08. күні болашақ ата –аналар үшін Орталықта «Ынтымақтастыққа шақырамыз» тақырыбындағы Асырап алушы отбасылар мектебінің кіріспе сабағы өткізілді. Отбасына бала асырап алғысы келетін кандидаттардың 1- тобы жиналды. Курстардың жаттықтырушылары әлеуетті ата-аналарға арналған ватсап-та топтар құрды, сабақтар Skype платформасы арқылы онлайн режимінде өткізіледі.

Асырап алушы ата – аналар мектебі

2020 жылдың маусым айында «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ –нің педагог психологы   А.Р.Кудушева және  и әлеуметтік педагог А.А.Родионова «Асырап алушы ата –аналар мекетбінің жаттықтырушыларын оқыту» бағдарламасын оқып, «Ана үйі» ҚҚ –ның сертификатына ие болды.

Екібастұз қаласындағы асырап алушы ата-аналар мектебі

Біздің өмірімізде көптеген бақытты күндер кездеседі,
бірақ солардың ішіндегі ерекше күн -сіз ата-ана болған күн.

 

2020 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда "Неке, ерлі-зайыптылық және отбасы туралы" заңның 89-бабына түзетулер күшіне енді, ол асырап алуға үміткер адамдарды асырап алушы ата-аналар мектебінде оқудан өтуге міндеттейді. Бұл күнге дейін   асырап алушы ата –аналар  қалауы бойынша  мектептен оқудан өтетін. Бірақ бірнеше жыл бойы қоғамдық қорлар мен азаматтық белсенділер патронат ата-аналарды міндетті түрде оқыту туралы түзетулер енгізуді жақтады. Ақыры заң шығарушылар қоғамды естіді.