Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

PHOTO-2021-11-10-09-37-51

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Асырап алушыларға үміткерлердің психологиялық даярлығы туралы немесе асырап алушы ата-аналар мектебі дегеніміз не

Өткен жылдың 1 шілдесінен бастап жетім балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өтуі бойынша міндетті талап енгізілгені белгілі. «Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің педагог – психологы А.Р.Кудушева, әлеуметтік педагог А.А. Родионова асырап алушы ата –аналарды психологиялық  тұрғыдан дайындау жұмысын жалғастыруда.     
Осы уақыт ішінде 50 азамат психологиялық дайындық курсынан өтті, 21 адам оқуын жалғастыруда.
Асырап алушы ата-аналар мектебінің негізгі мақсаты –ата-аналарды балалар үйінен баланы қабылдауға дайындау.
Асырап алушы ата-аналар мектебі кімге пайдалы:
• баланы қабылдау туралы түпкілікті шешім қабылдағандарға;
• психологиялық қолдауды қажет ететін асырап алушы ата-аналарға.
Асырап алушы ата-аналар мектеп арқылы асырап алынатын баланың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін түсінуді, өз мүмкіндіктері мен шектеулерін бағалауды үйренеді деп үміттенеміз. Сонымен қатар, мектеп бағдарламасынан ата-аналардың екеуі де өтеді, оны аяқтағаннан кейін психологиялық даярлықтан өткендігі туралы сертификат алады. Естеріңізге сала кетейік, оқыту тегін жүргізіледі.