Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

PHOTO-2021-11-10-09-37-51

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Жыл символымен кездесу

Жаңа жыл - бұл әр отбасы  күтетін ең сүйікті, мейірімді мереке. Бұл мерекеде әркім ертегіге сенугеболады, ерекше, жұмбақ, қызықты және сөзсіз ұмытылмас атмосфераға ене алады. Біздің балаларымыз сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістер мен оқиғаларды шынымен де ешкім асыға күтпейтін шығар. Көп жылдар бойы «Транс-Бетон 12»  ЖШС  басшысы  Омаров Исмаил балаларды «Узбекистон» кафесіне мерекелік түскі асқа шақырады. Компания қызметкерлері балаларды күлімсіреп қарсы алды. Дәмді түскі астан соң, Аяз ата мен Ақша қар келіп,нағыз мереке басталды, балалар шыршаны айнала би биледі, ән айтты.  Балалар жыл символы  жолбарыспен, әр түрлі кейіпкерлермен   суретке түсіп, ойынға қатысқаны үшін сыйлықтар алды.  Балалар көпке дейін, әсіресе жаңадан келген балалар  Омаров Исмаил және  «Транс - Бетон 12»  ЖШС  ұжымы сыйлаған ұмытылмас минуттарды  естерінде сақтайтыны сөзсіз. Орталық ұжымының атынан  сертификат ұсынылды.