Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Тәрбиешіге жадынама "Балаға қашықтан оқуға қалай көмектесуге болады?»

1.Тәрбиеленушімен  күн тәртібін талқылаңыз, ыңғайлы орынды және қашықтықтан оқыту үшін жұмыс құрылғысын анықтаңыз.

2.Тәрбиеленушіні  сабақ оқу барысында   міндетті түрде қолдаңыз: оның онлайн-сабақтарының, тапсырмаларының кестесінен хабардар болыңыз, мұғаліммен тығыз байланыста болыңыз. 

3.Жүктемеге назар аударыңыз: компьютермен (кез-келген басқа құрылғымен) жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық ережелерін сақтаңыз, сонымен қатар дұрыс жарықтандыруға, баланың дұрыс отыруына , баланың көзінен құрылғы экранына дейінгі қашықтыққа назар аударыңыз.

4.Белсенді ойындармен, жаттығулармен  сабақ оқуды реттеп, тәрбиеленушінің  режимін бақылаңыз. 

5.Балаларға үнемі қолдау көрсетіңіз, оларды кез-келген сәттілігі  үшін тіпті  кішкентай болса да жетістігі үшін мадақтаңыз !

6.Қашықтықтан сабақ оқу  жағдайында  тәрбиеленушілерге сіздің   көмегіңіз бен  қолдауыңыз аса қажет. Тек мұғалім мен  Сіздің  ынтымақтастығы жағдайында ғана  балалардың оқу нәтижелері жоғары болады.

Мен – қайталанбас тұлғамын

Барлық адамдарды   Мен кіммін?"", "Мен Қандаймын?", "Мен бұл дүниеге  не үшін келдім?" деген сұрақтар мазалайды.Бұл өте қарапайым сұрақтар сияқты көрінуі мүмкін, бірақ көпшілігіміз үшін оларға жауап беру кейде қиын болуы мүмкін. Сонымен қатар, осы сұрақтарға  берілетін  жауаптар біздің өзімізге, басқа адамдарға, жалпы өмірге деген көзқарасымызды анықтайды.

Алкогольге жол деп айтайық!

 Бүгін біз алкоголь туралы тақырыпты талқылау бойынша жұмысты тағы да жалғастырдық . Медбике Габьева  Елена Дмитриевнаның қатысуымен өткен кездесуіміздің тақырыбы  "Алкогольге жол жоқ деп айтайық" деп аталды. 

Жақсы көңіл – күй әлеміне

Осындай атаумен демалыстың соңғы күні орталықта орта жастағы балалармен тренинг өткізілді. Сөздің көмегімен өз сезімін, тілегін білдіре алатындығы барлығына белгілі, сонымен қатар тек сөзбен ғана емес өзінің қарым – қатынасы ,сырт бейнесімен де адамды ренжітіп алуға болатынын естен шығармау керек.

Заманауи гаджеттер: жақсы және жаман жақтары

Бүгін балалар ересектермен бірге барлық адамдарға тікелей қатысты тақырыпты  талқылады:"Заманауи гаджеттер: жақсы және жаман жақтары". "Ми шабуылынан" кейін  әр команда гаджеттердің жақсы және жаман жақтарын талқылады.

Тимбилдинг деген не

Балаларға арналған Тимбилдинг-бұл әртүрлі ойындар мен жалпы іс-шаралар арқылы топты біріктіру. Психолог А.Р. Кудушева балаларды осы командалық ойынға қатысуға шақырды.

Ой салатын маңызды тақырып

Ересек  тәрбиеленушілер   әрқашан да  өзекті  болатын тақырыпты талқылау үшін жиналды. Әңгіме әлеуметтік роликтер мен ұсынылған ақпараттық материалдар негізінде өрбіді. Алкогольдің жасөспірімнің денесіне зияны бүгінде қоғам үшін ерекше қауіп төндіреді. Бұл жас ағзаның алкогольден ересек адамға қарағанда әлдеқайда көп зардап шегетіндігіне байланысты, бұл кейде нашар дамуға, ал кейбір жағдайларда түзетілмейтін нәтижеге әкеледі. Жастар арасында алкогольді тұтынудың салдары-бұл ең алдымен алкогольдің миға тигізетін үлкен зияны.

Білімді жетілдіреміз

2020ж. 23.08.  Орталықтың психологы Жимайлова А. З.  Sabaqtastyq  жобасы шеңберінде ұйымдастырылған  онлайн тренинге-практикумге қатысты.  Тренингті педагог-психолог, терапевт  АВС Ибраева А. өткізді.  Тақырыбы: "Жасөспірімдермен қарым –қатынас орнату". Тренинг  көп ақпарат берді, практикалық  жұмыс жүргізді. Жасөспірімдермен байланыс орнатудың схемалары мен құрылымдық әдістері талқыланды.

Маххабат туралы әңгіме

2020ж. 09.06. күні  психолог Кудушева Алмагуль Рашидовна  ересек тәрбиеленушілерді сабаққа шақырды.  Тақырыбын  хабарламаса да  балалар көп жиналыпты! "Бүгін біз тағы да  адамзат баласының  бір сезімі туралы әңгімелесеміз. Біздің өміріміздегі болып жатқан  барлық оқиғалар , осы сезімнің қатысымен болып жатады. Ол әр бір адамды алаңдатады.  Қандай сезім туралы әңгіме болатындығын  сезінген боларсыңдар . Иа, бұл Маххабат ! "- осындай сөздермен  қызықты әңгіме басталды. Біздің отбасымызда  көптеген ересек балалар бар, сондықтан  бір –біріне деген махаббат тақырыбы олар үшін өте қызықты!   Балаларға  "Халық даналығы", "Махаббат  па емес пе", "Құмыра " жаттығулары ұсынылды. Балалар  "Жел және гүл туралы", "Балалардың айтуы бойынша " аңыздарды,  флештренинг көріп , талқылады. Сабақ  Ф.М.Достоевскийдің  "Жақсы көру  -адамды құдай қалай жаратты солай көре білу " деген сөздерімен аяқталды .Барлығы да ақпарат, жаттығулар, әңгімелер   балалар үшін пайдалы болды деп  сенеміз. Ең негізгісі – құпия сұрақтары бар жәшік...

 

Карантинге байланысты психолгтың кеңесі

Карантин мен оқшаулау болатындығы болжанғанымен миллиондаған адамды ыңғайсыз жағдайда қалдырды. Қаланың қарбалас тіршілігіне және күнделікті көптеген қарым –қатынасқа үйренген біздер, жақындарымызбен  ғана жекеленіп, үйде отырған кезде әрине күйзеліске ұшыраймыз. Күйзелістен қалай құтылу,қысымшылдыққа қалай төтеп беруге болады? Бүгін осы туралы әңгімелесіп көрейік.