Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Ағылшын тілін үйренудеміз

Қазір  әлемдегі ағылшын тілінің маңыздылығы соншалық, оны білу артықшылық  немесе сән үшін деп  саналмайды. Ағылшын тілі барлық жерде - мектептерде, университеттерде, курстарда оқытылады, ал біздің цифрлық ғасырда кез-келген адам үйден шықпай-ақ Skype, Zoom конференциясы арқылы ағылшын тілін  үйрене алады.

Аспаздық ликбез

2021ж.04.01. «Білгім келеді» үйірмесінің жетекшісі Рамазанова К.Б. республикалық « Оқитын Қазақстан» жобасы шеңберінде  "Аспаздық  ликбез:  аспаздық туралы әлемдегі ең үздік 10  кітап" деп аталатын  іс –шара өткізді.  "Афиша Daily" журналы соңғы жүз жылдың ішіндегі  ең үздік он аспаздық кітапты жинастырды.  Ағылшын , орыс тілдеріндегі кітаптар  үй кітапханасын толықтыруға  немесе  жақсы сыйлық болуға жарайтыны сөзсіз.     

Бізбен бірге үйрен!

Қысқы демалыс жоспарын жасаған кезде,  балалардың  қызығушылықтарын да есепке алдық . Қыздар әдеттегідей   ас пісіргісі келетіндігін айтты.  Біздің сүйікті  "Қайнар"дың парақашасын  қарап отырып, көптеген қызықты  дүниелерді көрдік. «Аспаздар мектебі»   жетекшісі Сорокина Зинаида Викторовна  Оn- line рецептілер "Жаңа жылдық тәттілер ассортиі "    мастер - класс,   " Мазурка" бәлішін пісіру.  Оооо, бізге керегі осы !!!! біздің қыздар шығармашылық жұмысқа кірісіп кетті.  Бәліш  керемет дәмді ! Қыздар тырысты нәтижесінде өте дәмді де пайдалы  бәліш болып шықты.

Шахмат – дойбы турнирі

2020ж.01.12. күні  Тұңғыш Президент күніне арналған іс –шаралар шеңберінде балаларды қолдау орталығында шахмат – дойбы турнирі өткізілді. Турнирге  барлық жастағы балалар қатысты.

Тоқаш дайындаймыз

Қаникулдың соңғы күні  "Қарлыгаштар " тобының қыздары  " Мен саған үйретемін..." жобасының жоспары бойынша тоқаш дайындады.  Тоқаштар- бұл ең тәтті де дәмді,  аспаздық тағам, өзің дайындаған жағдайда  дәмін татпау тіптен мүмкін емес!

Винегрет дайындаймыз

В рамках зимнего проекта "Мен саған үйретемін..."  қысқы демалыс   жобасы шеңберінде  Колосницина Елена Николаевна орталықтағы кіші топтың балаларына винегрет дайындауды үйретті.

«Жаңа жылдың сұлуы» сайысы

Жаңа жылдық шырша – бұл Жаңа жылдың басты белгісі. Онсыз мереке де болмайтындай ... Аяз атаның шеберханасында жаңа жыл қарсаңында балалардың өз қолдарымен жасаған  жаңа жылдық шырша жасау сайысы аяқталды. Сайысқа барлық топтар қатысты. Шыршалардың  түр –түрі болды!

«Умитяночка» видеостудиясы

"Балалардың қызығушылығы уақыт өте келе тұрақты жұмысқа айналуы мүмкін" – дейді отбасымыздың досы" Восточный " разрезінің қамқоршысы  Олег Николаевич  Чупринский, өз жұмысының тығыздығына қарамастан балаларды видео түсіруге үйретуге шешім қабылдады. Олег Николаевич аптасына бір рет осы өнерге қызығушылық танытқан балалармен жұмыс жүргізеді. 

Экологиялық сурет сайысы

2019ж. 29.05. "Таза болса табиғат - аман болар адамзат" облыстық сурет сайысының қорытындысы шығарылды. Бұл сайысқа біздің  6 тәрбиеленушіміз де қатысқан болатын.Қазіргі заманда көптеген қиыншылықтар экологиямен тікелей байланысты болып отыр. Бұл тек қана ғалымдар мен экологтарды ғана емес балаларды да алаңдатып отыр. 

Мен сурет салумен әуестенемін

Мен, әр бір адамның шұғылданатын сүйікті ісі болуы керек деп есептеймін. Сүйікті ісімен шұғылданғанда адамның жақсы қасиеттері ашылады, ақыл ойы жетіліп физикалық дамуы артады.Әркім өз талғамына қарай шұғылданатын ісін таңдайды: біреу сурет салғанды жақсы көрсе, екіншісі ән айту немесе билегенді ұнатады.