Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Орталықтағы ақылды кабинет

2021ж.31.03. күні Балаларды қолдау орталығында Монтессори кабинетінің ашылу салтанаты болды. Мұндай керемет мүмкіндік   «Сәби бақыты» ҚҚ –ның өмірлік қиын жағдайдағы балалардың  әлеуметтенуіне бағытталған қызметі арқасында жүзеге асырылды. 

Құттықтаймыз, Рафкат!

2021ж.07.04. күні  Екібастұз қалаындағы  «Қайнар» ББК –інде  «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  қала әкімінің орынбасары М.Д.Маликованың қатысуымен өтті. «Елбасы медалі» бағдарламасының қола деңгейін табысты бітіргендер арасында біздің тәрбиеленуші Поляков Рафхат та бар.

Этнофестиваль «Көрпе Fest»

2021ж.23.03. күні біздің отбасымыздың ересек қыздары үшін Орталықтың қызметкері , көп балалы ана, қолөнер шебері, республикалық «Көрпе Fest» фестивалінің  жеңімпазы  Болай Таңжарықпен  кездесу ұйымдастырылды. Дарынды да белсенді қатысушы ретінде   Болай Танжарык  облыс әкімі Абылкаир  Скаковтың  қолынан Алғыс хат пен  сертификат алды.

Наурыз – бейбітшілік пен мейірімділік мерекесі

Наурыз мерекесі - Қазақстан халқының асыға   және қуанышпен күтетін мейрамы. Орталықтың  ересектері мен  балалар   осы мерекені ұйымдастыруға және көңілді  өткізуге белсенді атсалысты.

Ұлттық тағамдар күні

21 наурыз – Ұлттық тағамдар күні. Бұл күні әр бір отбасында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалады. Міне,  біздің үйде де күні бойы бейімделу орталығында  ұлттық тағамдардың иісі бұрқырап тұрды. Балалар арасында  бауырсақ дайындау бойынша    «Baursak Partу» байқауы ұйыматырылды.

Зияткерлік күні

20 наурыз  –  Зияткерлік күні. Бұл күні балалардың зияткерлік  мүмкіндігін  дамыту  мақсатында  ұлттық фольклормен танысу, мақалдар, жұмбақтар   мен жаңылтпаштар айту,эпостардан үзінді оқу секілді жұмытар ұйымдастырылады.

Спорт пен ұлттық ойын күні

19 наурыз  – Шымырлық пен шеберлік күні. Наурыз мерекесінің бұл күні  тұжырымдамада  ұлттық ойын  түрлеріне  арналған . Наурыз - бұл бай дастархан мен концерттер ғана емес, сонымен қатар спорттық ойындардан да құралады.

Мотивациялық кездесу

Әдеттегідей  біздің балалардың  өміріндегі ең қызықты оқиғалармен бөлісуге асығудамыз. Бос уақыттарының аз екендігіне қарамай , ересек балалар онлайн форматта  қызықты әңгіме айта білетін, керемет мотивация беретін, жігерлі де ынталы, өз ісінің шебері, маникюр бойынша нұсқаушы, әсемдік салонының иесі  Козыкова  Регина  Евгеньевнамен кездесті.

Челлендж "Ең әдемі киім - ұлттық киім" үндеуі

Орталықта мерекеге дайындық жалғасуда. Тәрбиеленушілер " Ең әдемі киім - ұлттық киім "республикалық челленджін үлкен  ықыласпен қолдады. Бірнеше күн бойы балалар әдеттегі көк мектеп формасының  орнына әдемі ұлттық  мешпеттерді  мақтанышпен киіп  жүрді. Шынында да, қазақтың ұлттық киімі Қазақстан тұрғындарының мақтанышы болып табылады және шын жүректен таң қалдырады.

Жайлау күні

15 наурыз  – Жайлау күні. Табиғат төңірегіндегі өмір қазақтардың көшпелі дүниетанымының бір бөлігіне айналған. Сондықтан да бұл  күнді табиғатта өткізу, аумақты абаттандыруға назар аудару маңызды болды, бұл экологиялық, зияткерлік сананың дамуына және өскелең ұрпақтың денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.