Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері

Тәрбиеленуші құқылы:
ақысыз өмір сүріп, орта білім алуға;
өз құқығы мен қызығушылығын қорғауға;
өзінің шығармашылық қабілеті мен қызығушылығын дамытуға;
қарым –қатынаста және дамуындағы туындаған мәселелер бойынша кәсіби көмек алуға;
демалуға, ұйымдастырылған бос уақытқа;
балалар үйінің материалдық мүлкін қолдануға;
балалар үйінің барлық қызметі бойынша өз пікірін білдіруге , белсенділік танытуға;
сайыс, конкурс, байқауларда балалар үйінің атынан шығуға;
балалар үйінің өзін –өзі басқару органына және тәрбиеленушілер кеңесіне сайлануға және сайлауға;

Тәрбиеленуші міндетті:
өз қабілетіне сай, өз еркімен білім алуға;
балалар үйінің қызметіне араласуға, өз –өзіне қызмет етуге, өзін –өзі басқаруға;
балалар үйінің эстетикалық бейнесін сақтауға, реттілік пен тазалықты сақтауға, өз заттарын ретті ұстауға, балалар үйінің мүлкін пайдалануға және оның сақталуына қамқор болуға;
басқа адамның ар намысын сыйлауға;
салауатты өмір сүру салтын ұстануға;
балалар үйінің ережесін сақтауға;
балалар үйінің абыройын сақтау, балалар үйінен тыс жерде де сақтауға;

Тәрбиеленушіге шектеу қойылады:
уландырғыш немесе наркотикалық заттар, спиттік ішімдіктер, шылым, қару секілді заттарды қолдануға және кіргізуге;
жарылыс немесе өрт шығуға себепші болатын кез келген заттарды қолдануға;
«өз ара қатынастарын анықтау» үшін күш көрсетуге, қорқытуға, бопсалауға;
өзіне және маңайындағыларға қауіп тудыратын әрекет жасауға;
мәдениетті адамның моралдық және этикалық нормаларына сай келмейтін, денелей зақымдау іс –әрекетін жасауға.