Екібастұз қ., Қ. Сәтбаев бульвары, 6 құрылыс

8 (7187) 75-60-51,
8 (7187) 75-60-74

Павлодар облысы әкімдегі Павлодар облысы білім беру басқармасының "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайғы балаларды қолдау орталығы" КММ

PHOTO-2021-11-10-09-37-51

25-year-rk-constitucion

30-let-kz

Көшбасшылармен теңесу

2022ж.22.02. Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген  және өзінің бұрынғы достары туралы ұмытпаған біздің ескі  досымыз, жастар көшбасшысы Әнуар Жұмабеков тәрбиеленушілермен  кездесті. Әнуар Л.Н. Гумилев атындағы атындағы Еуразия ұлттық университетінің "саясаттану" кафедрасының 4 курс студенті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының қоғамдық көмекшісі, ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасы еріктілерінің көшбасшысы, Конрад Аденауэр атындағы Қордың стипендиаты. Ол  жастар саясаты мәселелерімен белсенді айналысады.  Әрине, балалар осындай нәтижелі, позитивті, ашық, мейірімді, танымдық әңгімеге риза болды,  Әнуар өзінің оқуы , қоғамдық қызметі, болашаққа жоспарлары мен перспективалары туралы әңгімеледі. "Ең бастысы балалар, әрқашан позитивті болыңыз, үлкен мақсаттар қойыңыз, жаңа білім алыңыз, жетіңіз, армандаңыз және өзіңізге сеніңіз! Сіздердің әрқайсыларыңыз бірегей тұлға, сенімді болыңыз, өз қабілеттеріңізді дамытыңыз, жақсылықты  ойлаңыз!  Ойлар жүзеге асады  және бұл рас ! "- деді Әнуар кездесу соңында . Сондай-ақ, балалар өз мақсаттарымен бөлісті, бос уақыттарын қалай өткізетіндері, болашақта кім болуды армандайтындары туралы айтты.