Орталықтың тарихы

Мекеме түрі:  Павлодар  облысы  білім басқармасының  «Екібастұз қаласының    «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға тұрғылықты орын  бере отырып, олардың білім алуы мен тәрбиеленуіне   қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі функцияны жүзеге асыру үшін құрылған, мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі атауы: Павлодар облысы білім беру басқармасының «Екібастұз қаласының» «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Коммуналдық мемлекеттік мекеменің орыс тіліндегі атауы: Коммунальное государственное учреждение «Центр поддержки детей, нуждающихся в специальных социальных услугах «Үміт» города Экибастуза» управления образования Павлодарской области.

Мекеменің орналасқан жері : Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200,  Екібастұз қаласы, Қ. Сатпаев  бульвары 6.

Жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады

Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган Павлодар облысының білім басқармасы (бұдан әрі – басқару органы) болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме Павлодар облысының білім департаментінің 2001 жылғы 25 маусымдағы № 1-05/247  "Үміт "балалар үйі "мемлекеттік мекемесін құру туралы" бұйрығымен құрылды, Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 65/2 "Павлодар облысының білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелерін қайта атау туралы" қаулысына сәйкес қайта аталды,  Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 09 қазандағы №250/3 "Білім беру ұйымын қайта атау туралы" қаулысына сәйкес қайта аталды.

Мекеменің заңды мәртебесі: коммуналдық мемлекеттік мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және атауы бар бланкілері, мөрлері болады.