«Жаңаша ойлап, шығармашылықпен жұмыс істейміз!»

2023ж.04.09. Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында  " Жаңаша ойлайыз , шығармашылықпен жұмыс істейміз!" тақырыбында үйымдастырушылық педагогикалық кеңес болып өтті. Келесі мақсаттар қойылды: жаңа оқу жылындағы педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіру; жазғы сауықтыру жұмысының сапасын бағалау; Орталық қызметтерінің 2022-2023 оқу жылындағы жұмысын қорытындылау;

2023-2024 оқу жылына арналған балаларды қолдау орталығының жұмысындағы басым бағыттарды талқылау; "2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының Білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" нұсқаулық-әдістемелік хатқа және "Тұтас тәрбие бағдарламасы" жобасының әдістемелік ұсынымдарына сәйкес тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша өзгерістерді қарастыру және бекіту. 

Отырыс соңында орталықтың педагогтары педагогикалық табысқа жетудің кілтін алу үшін жаңа оқу жылына бейімделуге мүмкіндік беретін әт түрлі жаттығуларды орындады. Барлық педагогтарды оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы  жарқын, қызықты, табысты, жемісті болсын және барлығына тек жағымды эмоциялар, жетістіктер мен жақсы көңіл-күй әкелсін!