Біліктілікті жетілдіреміз

2023 жылғы 18 мамыр күні  Балаларды қолдау орталығының  психологы А.Р. Кудушева  М. Катаев.  Атындағы Оқушылар сарайында өткен "Өзгеріс желіі" тақырыбындағы педагог-психологтардың І облыстық Форумының жұмысына қатысты. Форумның ұйымдастырушысы білім басқармасы және "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесі болып табылады Оқушылар сарайының фойесінде авторлық бағдарламаларды таныстыру үшін алаң ұйымдастырылды.

Үлкен сахнада аудандар мен қалалардың психологиялық қызметтерінің үйлестірушілері өздерінің психологиялық қызметтерін таныстырды. Кездесу соңында психологиялық қызметтердің үйлестірушілері алғыс хаттармен марапатталды. Кездесу қызықты әрі пайдалы болды. Форум ұйымдастырушыларына көп рахмет!