Жұмыс жалғасуда

"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық науқаны шеңберінде жоспарланып , бекітілген  іс-шараларды  жүзеге асыру жалғасуда. Орталықтың педагогтары  және қызметкерлерімен  Балаларды қолдау орталығындағы  балаларға  психологиялық  жайлы  орта қалыптастыру  бойынша жұмыс жалғастырылды. Психологтар Кудушева А.Р. және Гринева Т. Р. жұмыстың әртүрлі формалары арқылы қатысушыларды балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел әрекет ету алгоритмімен таныстырды, нақты жағдайларды талдады.

Кез-келген білім беру ұйымының басшылары, педагогикалық қызметкерлері және басқа да қызметкерлер  білім беру ортасындағы зорлық-зомбылық туралы ақпараттан хабардар  болуы керек, оның қандай себептермен пайда болуы мүмкін, қандай формада көрінуі мүмкін және қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін білуі қажет.

Олар сондай — ақ  мекемедегі немесе отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін шешуде өздерінің жеке қатысуының маңыздылығын және жауапкершілік шарасын түсінуі керек, бұл үшін қажетті құралдар, лауазымдық нұсқаулықтар, зорлық-зомбылықтың алдын алу және  оның жағдайларын анықтау, тіркеу және тергеу, қатысушы тараптарға көмек көрсету, тәрбие және тәртіптік шаралар қабылдау, есепке алу және зорлық-зомбылық жағдайлары мен қабылданған шараларды талдау секілді мәселелерді білу керектігі туралы айтылды.