Тапқырлар турниры

2024ж.28.01. ортаншы топ тәрбиеленушілері арасында тәрбиеші Л.Д.Ткачева ұйымдастырған "Тапқырлар турнирі" өткізілді.

Турнирге екі команда қатысты "Инстаграмм" және «TIKTOKLIKE». Қазылар алқасында Данил Колесников, Карина Кривоносова және Дильназ Кенжебаева болды.

Командалар әртүрлі тапсырмаларды орындады: олар математикалық тізбекті орындады, жұмбақтарды шешті, сөздердегі қателерді түзеді, логикалық жұмбақтарды шешті және әйгілі ертегілердегі ертегі кейіпкерлерінің қандай қауіпсіздік ережелерін бұзғаны туралы ойланды.

Турнир өте қарқынды өтті, балалар тапсырмаларды шешуге белсенді қатысты, өз көшбасшылары үшін алаңдады. "Инстаграмм"командасында  көшбасшысы Сұлтан болды,

"Tiktoklike" командасында Альбина көшбасшы болды .Құзыретті қазылар алқасы командалардың нәтижелерін бағалады. Іс –шара соңында командалар бір-біріне деген құрмет белгісі ретінде қол алысып, құттықтады. 54 ұпаймен  "Инстаграмм"  командасы  жеңіске жетті.