Ұлы ғалымға арналды

2024ж.20.01. тәрбиеші Л.Д.Ткачева Қазақстанның көрнекті ғалымы Қаныш Сәтбаевтың қызметіне арналған "Мен өз елімнің ұлымын" тақырыбында әңгіме сағатын өткізді. Ғылымның көрнекті ұйымдастырушысы, қоғам қайраткері, 600-ден астам ғылыми жұмыстары басылып шыққан әмбебап ғалымның туғанына биыл 125 жыл толады. Сабақ Ұлы Абайдың «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өзместей өз артына із қалдырған?» сөздерімен басталды.

Балалар ұлы академик К.Сәтбаевтың. елімізде ғылымның өркендеуіне қосқан үлесі туралы бейне презентацияны тамашалады. Сабақ: "Балалар, біз тұратын көше қандай атақты адамның есімімен аталады?" деген проблемалық сұрақтан басталды.

Валентина Колесникова Қаныш Сәтбаевтың қысқаша өмірбаяны туралы баяндама жасады. Балалар ақпаратты ынтамен тыңдап, біздің жерлесіміздің қызметінің феномені қандай? деген зерттеушілік сұраққа жауап іздеді. Қаныш Сәтбаевтың құрметіне біздің қаламызда Сәтбаев атындағы көше мен канал аталып, басқа қалаларда да Алматы, Астана, Қарағанды және т. б. қалаларда қайраткерлерге арналған ескерткіштер бар екенін білдік.

Сабақтың соңында Березюк Люба еліміздің ұлы адамдарына арналған өлең оқыды.