11. маусымда Біз үздік тәрбиеленушілерді – оқуда, шығармашылықта, спортта және Орталықтың тыныс – тіршілігіне белсенділік танытып өзін көрсеткендерді құрметтеп, марапаттау рәсімі өткізілді.
Мерекені біздің басшымыз, әр бір баланың өз анасындай болған Нағима Атайқызы Абдрахманова ашты.
Номинациялар:
«Білімнің жарқын нұры» - оқудағы жетістіктері үшін
«Олимпус» - спорттық жеңімпаздар үшін
«Отбасы көшбасшысы» - бастама мен белсенділік үшін
«Жыл оқушысы» – Артем Довбыш
Балаларға жағымды сыйлықтарды «Жастар» жастар мәслихатының депутаты Әлия Маратқызы Шегібаева, сондай – ақ «Сәби бақытты» ҚҚ табыс етті.
Қонақтардың арасында балаларды құттықтап, құрмет -қошемет көрсеткен ата-аналар, туыстар, достар, түлектер болды!
«ВИТА» іздеу тобының еріктілері, біздің бұрынғы тәрбиеленушілер балаларды ерекше қуантты. Олар біздің шығармашылық іс-шараларымызға арналған үлкен музыкалық колонка сыйлады!
Бұл күн нағыз шабыт, талант және балалық шақтың ерекше мерекесі болды.
Осы мерекені ұмытылмастай етіп ұйымдастырғандардың барлығына рахмет!
