2023 ж. 9.09. Орал қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" республикалық форумы өтті.
Кеңейтілген іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінің Аналар кеңесінің төрайымдары, депутаттар , қоғам қайраткерлері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы" КММ басшысы Абдрахманова Нағима Атайқызы да болды және жұмыс қорытындысы бойынша"Аялы Алақан" номинациясымен марапатталды.
Мұндай марапат жылына бір рет Республика бойынша Аналар кеңесінің бір өкіліне ғана беріледі. Нағима Атайқызының бұл марапаты ол үшін ғана емес, өздерін үлкен және тату отбасы деп санайтын Орталықтың барлық балалар мен ересектер ұжымы үшін жағымды тосын сый болды. Нағима Атайқызы әйелдердің басты миссиясы — бала тәрбиелеу, отбасылық дәстүрлердің мәртебесі мен құндылығын арттыру екендігін әрдайым есте ұстайды және "отбасы" сөзі тек балалардың жарқын күлкісі , бір-біріне деген қамқорлығымен және сүйіспеншілігімен байланысты екенін атап көрсетеді.
Н.А. Абдрахманова өзі жетекшілік ететін балаларды қолдау орталығының дәстүрлері мен жұмыс әдістерін қалыптастырудың қиын жолынан өтті. Ол басқаратын мекеменің тарихы бай, өмірлік қиын жағдайдағы балалармен жұмыс тәжірибесі мол, өз қызметін үнемі жетілдіріп отырады.
Нағима Атайқызының жоғары деңгейдегі жеке қасиеттерін тікелей растайтын, балаларға деген аналық көзқарасын, таңдаған мамандығына шексіз берілгендігін, әр баланың өз отбасында өзінің сүйікті және маңызды екенін түсінуіне бағытталған лайықты марапатты алуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрметті Нағима Атайқызы, сізді жоғары марапатыңызбен құттықтаймыз! Сізге одан әрі табысты өмір жолын, ойластырылған мақсаттарды орындауды, ауқымды мақсаттарды тезірек іске асыруды және сіздің қамқорлығыңыздағы әр баланың бақытты болуын тілейміз!