22.11.2023

«Тәтті тоқаш» шеберлік сыныбы

«Тәтті тоқаш» шеберлік сыныбы

"Дүниежүзілік балалар күні: балаларға арналған өмір" республикалық онкүндігі аясында  2023 ж. 21.11. күні "Үміт"  арнаулы  әлеуметтік қызметтерге мұқтаж  балаларды қолдау орталығы   тәрбиеленушілері Сорокина Зинаида Викторовнаның  шақыруымен "Дружба" ауыла  клубында өткізілген  "Тәтті тоқаш" шеберлік сыныбына қатысты.Үй  жағдайындағы жағымды ортада Зинаида Викторовна карамель глазурі бар тоқаштарды  пісіруге арналған суық суға  иленіп, ашытылған  қамырдың  құпиясымен бөлісті.

Қыздар мұқият тыңдап, дайындықтың барлық кезеңдерін орындады, өз жұмысының нәтижесін асыға күтті. Тоқаштар пісіріліп жатқанда, Зинаида Викторовна қызықты викторина өткізді, балалар сұрақтарға қуана жауап берді. Есте қалатын ең қызықты нәрсе-бұл үстелге арналған майлықтарды бүктеу түрлері болды.

Осыдан кейін, тоқаштардың керемет иісі шыққан кезде, достық қарым –қатынастағы  жағымды музыка мен қызықты әңгіме айта отыра  шай ішті. Шеберлік сыныбы  қызықты, танымдық сипатта  өтті , Зинаида Викторовнаға жағымды  атмосфера жасағаны үшін алғыс білдіреміз! Ары қарай да өз ісінің шебері, ғажайып педагогтармен бірлесіп жұмыс істеу жоспарлануда.