30.09.2025

Балалар алаңының ашылуы

Балалар алаңының ашылуы Балалар алаңының ашылуы

27 қыркүйекте Екібастұзда «Үміт» орталығының тәрбиеленушілеріне арналған заманауи әрі қауіпсіз ойын алаңы ашылды.
Бұл жоба KAZ Minerals Bozshakol қолдауымен жүзеге асырылды — компания 20 млн теңге инвестиция салып, 3 жастан 17 жасқа дейінгі 48 балаға арналған кеңістік сыйлады.
Сонымен қатар KAZ Minerals Bozshakol бас директоры Джейми Каратти орталыққа кір жуғыш машина мен теледидарды тарту етті.
Болашаққа қамқорлық дегеніміз- балаларға қамқорлық.