Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн

25 қараша күні Орталықта «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» республикалық акциясы басталды. Балалар әлеуметтік ролик көріп, қауіпсіздік пен өзара құрметке қатысты маңызды тақырыптарды талқылады.

Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдулина Г.К. ақпараттық кездесу өткізіп, балаларды жоспармен таныстырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат қағидаттары туралы айтты.

Балалар ұлдар мен қыздардың әлеуметтік рөлдерінің айырмашылықтары, гендерлік зорлық-зомбылықтың пайда болу себептері және оның құрбаны кім болуы мүмкін екені туралы білді. Бұл кездесу гендерлік зорлық-зомбылық мәселелері бойынша қауіпсіз және сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды.