Жеңіс күні Орталықтың тәрбиеленушілері « Уақыт өтсе де есте сақталады» атты тарихи квест ойынына қатысты.Ойынның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерді халқымыздың ержүректілік пен батырлық көрсеткен тарихымен таныстыру арқылы патриотизм мен рухани –адамгершілік құндылыққа тәрбиелеу.Іс –шара бір минуттық үнсіздікпен басталды.
Балалар майданда қаза болғандар мен Жеңіске аман –есен жеткен, бірақ та бүгінгі күні арамызда жоқ жауынгерлерді еске алды. Ары қарай әр бір команда станциялар мен қозғалыс бағыттары көрсетілген парақшаларды алған соң ойын басталып кетті.
Станцияларда қатысушыларды консультанттар қарсы алды, ал командалар тапсырмаларды орындағаны үшін ұпай жинауға кірісті.Балалар «Шифрлаушы», «Кедергілер жолағы», «Барлаушылар», «Миналы алаң», «Медсанбат», «Мергендер» станцияларынан қызығушылықпен өтті.
Қатысушылар тапқырлық, ептілік, өзара көмек көрсете отыра және батырларды еске алып, оларға құрмет көрсетті. Квест қорытындысы бойынша достық жеңіске жетті, өйткені ең бастысы-халқымыздың бірлігі, жеңісті мақтанышпен еске сақтау екендігін балалар түсінді.