Халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимыл» науқаны аясында Орталықта «Әрқашан күн сөнбесін!» атты акция өткізілді.
Орталық тәрбиеленушілері жылы әрі жағымды тілектер жазылған символикалық «күншуағын» дайындап, нәзік жандыларға таратты. Акцияның мақсаты – зорлық-зомбылықтың жол берілмейтінін қоғам назарına ұсыну, әйелдерді қолдау және қауымдастықта мейірімді, жарқын атмосфера қалыптастыру болды.
Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің айналасындағыларға құрметпен қарауын қалыптастыруға, эмпатияны дамытуға, сондай-ақ гендерлік зорлық-зомбылық мәселесі және оған қарсы бірлескен әрекеттердің қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыруға ықпал етті.