Ауғанстан естеліктері

2023ж.13.02.күні  "Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы " КММ-де  тәрбиеленушілер үшін "Ауғанстан ардагерлерінің  Екібастұз қалалық одағы" ҚҚ өкілдерімен кездесуі  ұйымдастырылды.  Ауған соғысы   туралы біз  естігенбіз,  білеміз! Ол тарихта қалды, бірақ жас ұрпақ сол қорқынышты жылдардағы оқиғаларды, халықаралық парызын батыл орындаған батыр адамдарды есте сақтауы керек. Кездесу дөңгелек үстел форматында өтті. Ардагерлер Ауғанстан мен Ауғанстанда өткізілген жылдар туралы, соғыстағы өмір туралы, командирлер мен әріптестер туралы, сол елде  өткізілген ауыр шайқастар туралы естеліктерімен бөлісті, ал тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алды. Балалар сол жылдардағы оқиғалар туралы әңгімелерді үлкен қызығушылықпен тыңдады, біздің жерлестеріміздің естеліктеріне ешкім бей-жай қарамады . Жиналғандар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.  Шақырылған қонақтардың әрқайсысы балаларға  Отанды сүю, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану, дені сау болу және Отанды кез келген жаулардан қорғауға дайын болу қажеттігін айтты. Балалар өз кезегінде жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға сөз сөйлегендері үшін алғыс айтып, олардың отбасына  денсаулық пен амандық тіледі. Балаларды қолдау орталығының басшысы Н. А. Абдрахманова бүкіл ұжым атынан Ауған соғысы ардагерлеріне алғысын білдіріп, кеңес әскерлерінің  Ауғанстан аумағынан  шығарудың  34 жылдығымен құттықтады. Іс-шара соңында балалар  қонақтарға  үй лерін көрсетіп, экскурсия өткізді.