«Оқитын Қазақстан» жобасы шеңберінде Орталықта "Балалық шақтың кітаптары" атты қызықты іс-шараны басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Абдулина ұйымдастырып, өткізді. Балалар Гуля Николаевнаның сүйікті "Дружные ребята" газетіне арналған әңгімесін аса қызығушылықпен тыңдады. Балалар "Дружные ребята" газетінің 1933 жылдан бері шығып келе жатқанын , қазіргі жас оқырмандардың әжелері мен аталары газеттің жас тілшілері болғандығын болды.
Газеттің тарихы-еліміздің өмірінің тұтас шежіресі. "Дружные ребята" әрдайым оқиғалар ортасында болды және оларды өзінің адал оқырмандарына біздің ұлан-байтақ Отанымыздың түкпір-түкпірінен келген жас тілшілер жариялап тұрды. Алдымен газет "Қазақстан пионері" деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдардан бастап бүгінгі күнгі "Дружные ребята"атауымен шыға бастады. Гуля Николаевна сол кездегі балалардың газетке қалай ұқыппен қарағандарын да айтып берді . Газетке жазылуға қолы жеткен бақытты балалар газетті мектепке алып келетіндігі , ал балалар оны үзіліс кезінде кезектесіп оқитындығы туралы әңгімеледі. Газеттің гүлденуі өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында, таралымы 300 мыңға жеткен кезде болды, бірақ газеттің таралымынан жазылушылар көп болды, оны сатып алу мүмкін болмады.
Пошта қызметкерлері газетті мектеп кітапханаларына алып келеді, балалар газетті асыға күтумен болатын. "Дружные ребята " газетіне Кеңес Одағының барлық республикалары балаларымен қатар Монголия және Болгарияның балалары да жазылатын болған. "Дружные ребята" газетінің беттерінен балалар ұшақтар мен құстар үйін қалай жасау керектігін білді, бүкіл Одақ пен Қазақстан бойынша достар тапты, сол кезде дүкендерде табылмайтын жаңа балалар кітаптарынан , ғылыми фантастика мен қызықты оқиғалардан үзінділер оқыды. Газет және оның ұжымының даңқты жолы мемлекеттік және басқа да наградалармен марапатталды, бірақ оның ең басты еңбегі туған өлкеге деген шынайы қызығушылық, Отанға деген шынайы сүйіспеншілік болып қала береді.