Батырларға тағызым!

2023ж.28.02.Орталық тәрбиеленушілері Алғыс айту күніне арналған «Алғыс елдің бәріне» тақырыбында Достық үйінде өткізілген ток шоуға шақырылды. Іс шарада Төтенше жағдай орын алған кезде  Екібастұздың тұрғындарына  көмектесіп, батылдық танытқан  қаламыздың батырларына  құрмет көрсетті. Іс –шараға қатысушының әр біріне  ерекше сөздер айтып, грамоталар табыстады.

Балалар біздің қаламызда тұрып жатқан, өз жүрек қалауымен адамдарға көмек қолын созған  қарапайым  да адал адамдармен танысты.  Кездесуден балалар  үлкен әсер алды. Өз Отанын, өз қаласын  сүйетін, өмірді жақсы көретін, өзімен үйлесімді өмір сүретін  әр бір адам – батыр бола алады! Балалардың қалыптасуына әсер ететін осындай мейірімді де маңызды іс –шараға қатысуға мүмкіндік берген Достық үйінің басшысы Конакбаева Зауреш Сагидулловнаға зор алғыс білдіреміз!