Әр бір адам үшін өз денесі ең құнды дүние болып табылады. Дене тек сыртқы келбет емес. Бұл бізбен өмір бойы бірге болатын, өмір сүретін үйіміз деуге де болады. Үй-қауіпсіз, тыныш және жайлы орын. Сондай-ақ, денеге құрмет, қамқорлық көрсетілуі және қорғаныс кеңістігі болуы керек.
Бүгін, 10-13 жас аралығындағы қыздармен «Менің денем - менің үйім»тақырыбында тренингтік сабақ өтті. Мақсаты: қыздарда өз денесіне дұрыс, сау, құрметпен қарауды қалыптастыру, өсу процестерін және жеке қауіпсіздік негіздерін түсіну.Сабақ барысында қыздардың өзіне деген оң көзқарасы, дене шекаралары мен гигиеналық нормаларды түсінуі байқалды. Жеке шекаралар қауіпсіздіктің негізі болып табылады.