Бір ел – бір тағдыр

2022ж.01.05. күні мамыр мерекелері қарсаңында  Орталықта Қазақстан Республикасы   бірлігі күніне арналған «Бір ел –бір тағдыр»  тақырыбында  мерекелік іс-шара болып өтті. «Грация» би ұжымының  орындаған «Халықтар достығы»  биі мен  «Мерекелік Қазақстан»  флешмобын  аса қуанышпен қабылдады. Балаларға түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық нақышын, өнерін, шығармашылығын білуге мүмкіндік берілді.

Кез-келген халықтың көңілді ойындары бар, ал балалар ұсынылған  ұлттық ойындарға қуана қатысты. Қазақ  ұлттық ойыны "Қарсыласты көтер", неміс ұлттық ойыны "Кегельбан", грузин халық ойыны" Сахреоба",  орыс халық ойыны " Ал да  же!" Барлығы көңілді болды! Сахнада ойындар көңілді әндермен, билермен, конкурстармен  алмастырылды.

Көз тартарлық жарқын ұлттық костюмдер баршаны  тамсандырды, ал ұлттық билердің жалынды ырғақтарымен  барлығының да  би билегісі келді.  Іс-шараға жауапты  Сағындықова Нағима Темірғалиқызы балалармен  көңілді викторина өткізіп, сыйлықтар ұсынды. Мерекелік іс-шарадан барлық қатысушылар, көрермендер де  балаларды дайындаған педагогтар  да  ләззат алды.