Біз дебат ойынын ойнаймыз

2022ж.24.04. күні біздің балалар  қонақтарды қабылдады , №1 мектеп –лицейінің балаларымен кездесті. Кездесудің мақсаты – Орталық тәрбиеленушілерінің  сұранысы  бойынша  лицей оқушыларымен дебат ойыны бойынша   мастер класс  ұйымдастыру. Талқылау  үшін  «Жасанды интеллект» тақырыбы ұсынылды. Соңғы  жылдары  жасанды интеллект тақырыбы әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарында  кеңінен қызу талқылануда. Пікірталас ойынының білгірлері  бұл тақырыпты қалай талқылайтынын көру біз үшін әрине  қызық  болды.

Алдымен балалар ойын технологиясымен танысып , ойынның ережелері , түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы білді . Әрине , лицеистердің фактілерді, олардың сөз сөйлеуге деген сенімін, жеке спикерлердің харизмасын  және материалды сауатты ұсыну қабілеті балаларға жақсы  әсер қалдырды . Ойын қорытындысы бойынша барлығы бірауыздан осы тамаша ойынды дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға шешім қабылдады , өйткені пікірталасқа қатысу — логиканы, шешендік қабілеттерді дамытудың және өзекті әлеуметтік проблемалар туралы ойланудың тамаша тәсілі. Біздің достарымызға – № 1 мектеп лицейіне бізбен кездесіп, пікірлесуге  уақыт бөлгендеріңіз  үшін, тамаша ойын үшін рахмет  айтамыз!