Тәрбиешілер әр түрлі жастағы балалармен осындай маңызды мәселені талқылады. Жас айырмашылығына қарамастан, барлық балалар бір дауыстан - Біз терроризмге қарсымыз! деген пікірде болды. Жоғары сынып оқушылары "Терроризм, себептері мен салдары" тақырыбында сөз сөйледі.
Терроризмнің алдын алу мәселесіне ерекше назар аударылды. Әңгіме соңында Бесландағы терракт туралы фильмді көріп, Террористік актілерде қаза тапқандардың барлығын бір минут үнсіздікпен еске алды. Кіші топтың балалары бұл тақырыпқа көзқарастарын өздері салған суреттер арқылы білдірді.