Мектеп парламентінің Президентін сайлауға арналған пікірталас

2023 ж. 28.09. Балаларды қолдау орталығында мектеп Парламентінің Президенттігіне кандидаттардың пікірталастары өтті. Президенттікке 3 кандидат үміткер болды, олар өз бағдарламаларын ұсынды, сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді. Олардың әрқайсысың  балалардың өзін-өзі басқаруының көшбасшысы болуға лайықты екендігін дәлелдейтін нақты бағдарламасы мен іс-қимыл жоспары болды.

Сенімді адамдары  өз кандидаттарының позицияларын қорғады. Барлығы пікірталастың барысын үлкен қызығушылықпен қадағалады. Жаңа президентті таңдаумен тәрбиеленушілердің азаматтық жауапкершілігі артады, Орталық істерінде белсенділік танытуға деген ұмтылыс пайда болады деп үміттенеміз.