«Қазақстан балалары» жобасымен қауіпсіздік күні!

Бүгін балалар таңғажайып іс — шараға қатысты, онда барлығы ең маңызды тақырыпқа-қауіпсіздікке арналды.Олар біздің өмірімізді күнделікті қорғайтындармен кездесті: күзетшілер, өрт сөндірушілер, ит баптаушылар, альпинистер. Көптеген  күшті, жарқын, шынайы техникалар ерекше әсер қалдырды. 

Градиль Мишаға өрт сөндіру машинасы қатты ұнады: «Тура  кинодағыдай  керемет !» дейді.

Аида Отрада есімді қызметтік итті жақсы көріп қалды. Ол ит баптаушысымен бірге жасырын заттарды қалай табуға болатындығын көрсетті. Аида: «Ол бізді  бар  ықыласмен бәрін түсінгендей тыңдайды!» дегеніне балалар қуанды! Балалар бәрін өз қолдарымен ұстап сынап көрді — қондырғыларды қосып, жабдыққа қол тигізді, сұрақтар қойды. Бұл нағыз жаңалық ашқан күні болды! Қарап қана қоймай, мұқият, батыл және жауапты болу қаншалықты маңызды екенін сезінуге мүмкіндік жасағандарға рахмет!