Сәуір айы біздің балалар үшін қызықты оқиғалардан басталды. Барлығын рет-ретімен баяндайын. Сіздер достық көпірі туралы естіп пе едіңіздер? Ал, біз оны орнатып шыдадық! Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері Тараз қаласының балаларды қолдау орталығының шақыруымен республикалық шығармашылық -телекөпір бағдарламасына қатысты .Қашықтық форматындағы шеберлік сағаты практикалық тапсырмаларды орындай отырып өткізілді.
«Алтын қауырсын» тақырыбындағы сабақты «Жібек» шығармашылық студиясының жетекшісі Накипова Салтанат Абдувахиповна өткізді. Балалар бірлесе отырып сувенирлік «Алтын қауырсын» дайындап, жасаумен айналысты. Құстар ерте кезден адамның досы саналған. Ертегілердің көбінде бақыт құсы сипатталады,ал құстардың ескі қауырсынын қалам жасауға пайдаланған. Кәдесыйды дайындау үшін пластикалық бөтелкелер пайдаланды. Қыздар шығармашылықпен қызыға айналысты.
Сабақ барысында бір -бірімен танысты, ән де айтты. Шеберлік сағатының негізгі мақсаты достық сезімін дамытып,мейірімділікке тәрбиелеу, бір -бірінен алыста тұрып та достасуға болатынын дәлелдеу болды. Тараз қаласындағы балаларды қолдау орталығының шығармашыл педагогтары мен тәрбиеленушілер ұжымына алғыс білдіреміз! Қосымша білім толықтыру педагогы Накипова Салтанат Абдувахиповнаға балаларға табиғатты қорғау,әдемілікті сезіну дағдыларын қалыптастыруға қосқан үлесі үшін рақмет айтамыз!