Осындай өмірлікь ұранмен Орталықта көңілді старт ойыны өткізді. Жарысқа төрт команда қатысып, жас санаттары бойынша – кіші және үлкен топтарға бөлінді.
Көңілді старт бізге көптеген жағымды эмоциялар, күш -қуат пен тамаша көңіл-күй сыйлады. Әсіресе, командалық рух айқын көрінді - балалар бір-бірін қолдап, олардың жетістіктеріне қуанып, әр кезеңде аянбай жеңіске жетуге тырысты.
Нағыз хит арқан секіргішпен секіру кезеңі болды: балалар ептіліктерін көрсете білді, өйткені олардың барлығы дерлік Санлин командасының футболшылары! Олардың табандылығы мен ширақтығы өз командаларына ұпай жинауға көмектесті.
Жарыс жігіттердің ұйымшыл, тату, белсенді екенін көрсетті. Оларға қолайсыз ауа-райы да кейде жаңбыр, кейде жел кедергі бола алмады.