Электрондық сигареттерді қолданудың зияны, олардың құрамы және ағзаға әсері туралы ақпараттандыру мақсатында ZOOM алаңында Павлодар қаласындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Асия Амангелдіқызы Темірхановамен кездесу өтті.
Тақырып "Электрондық темекі туралы шындық!" Балалар мен жасөспірімдердің аурушаңдығы көбінесе олардың белгілі бір аурулар мен алғашқы көмек дағдылары туралы білмеуінен , жаман әдеттерге үйір болуынан және жалпы өзін-өзі сақтау мәдениетінің төмен деңгейімен байланысты.
Әсия Амангелдіқызы балаларға электронды темекінің зияны қандай екенін анықтау мақсатында түрлі елдерде түрлі зерттеулер қалай жүргізілгені туралы айтып берді. Электрондық темекі өндірушілер никотиннің жасуша мутациясын тудыратыны туралы ақпаратты жасырады және келесі ұрпақтарда бұл мутациялар арта түседі.
Электронды темекі өндірушілер темекінің нақты құрамы туралы жасырады, оған не араластырады және қанша никотин барекендігі тек өздеріне ғана белгілі. Сондықтан, сәнге қуамын деп денсаулықты никотиннің кез-келген түрімен , тіпті электронды темекі болсын, құртудың қажеті жоқ екендігін балаларға нақтылап түсіндірді.