Халықаралық Балаларды Қорғау Күні аясында орталықтың тәрбиеленушісі, бесінші сынып оқушысы Масалимова Ақбота Астана қаласына танымдық экскурсияға шақырылды . Еліміздің барлық өңірлерінен 70 оқушының арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері, белсенді өмірлік ұстанымын көрсеткен балалар болды. Экскурсия барысында балаларға қазіргі Қазақстанның басты символы - Ақордаға барудың мүмкіндігі берілді. Балаларға мемлекет басшысының резиденциясының аса маңызды және айрықша бөлшектері туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Олар Шығыс, мәрмәр, Алтын, Сопақ залдарды, Президент Резиденциясының кітапханасын к-р3п тамашалады. Ақботаның айтуынша , оған ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының, ҚР Президентінің көмекшісінің шетелдік делегациялармен, шет мемлекеттердің елшілерімен, шетелдік іскер топтардың өкілдерімен кездесулері мен әңгімелесулері үшін пайдаланылатын келіссөздер залы ұнады. Ақбота үшін бұл осындай көлемдегі алғашқы сапар болды, ол қатты уайымдады және, әрине, осы таңғажайып сапардың ұйымдастырушысы болғандардың барлығына шын жүректен алғыс айтады.