Ұлттық құндылықтарды ұрпақтар бойына сіңірудің бір жолы-халқымыздың бай ұлттық мұрасын, оның ішінде ұлттық ойындарды насихаттау. Қазіргі уақытта көптеген ұлттық ойындар ұмытылады. Қазақ халқының Ұлттық зияткерлік ойындарындағы ең бастысы-тоғызқұмалақ. Ойынды барлық балалар, жас пен кәрі, ұлдар мен қыздар ойнайды.
"Қайнар" ББК- деөткізілетін, біздің тәрбиеленушілеріміз белсенді қатысатын тоғызқұмалақтан үйірме жетекшісі Бұлкенов Қуаныш Қашкенұлы жаңадан келген балалар арасында тоғызқұмалақтың қарапайым жеңіл түрі, ойынының тармағы болып табылатын бестемше ұлттық ойынынан турнир өткізді. Ойынның өзі бірегейлікке ие және ең бастысы, ол балалардың математикалық қабілеттерін, логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар балалардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімге тәрбиелейді.