Өрт қауіпсіздігі – бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі ең маңызды тақырыптардың бірі. Бұл жаста балалардың қызығушылығы мол, белсенді келеді, бірақ өз іс-әрекеттерінің салдарын толық түсіне бермейді. Бүгін облыстық «Қауіпсіздік апталығы» аясында «Оттан абай бол!» тақырыбында ойын-тренинг өтті.
Балалар өрттің ешқашан болмауы үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет деген қорытындыға келді. Олар бұл ережелерді қызықты әрі тартымды түрде, шығармашылық тапсырмалар арқылы меңгерді.
Ал от туралы сұраққа былай деп жауап берді: «От – дос та, жау да бола алады, бәрі біз оған қалай қарайтынымызға байланысты деген ой түйді.