9 мамырда 2011 - 2012 жылдары туған балалар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне орайластырылған "ҮМІТ Кубогы 2026" футболдан турнир өтті. Турнирге 4 команда қатысты: - № 24 мектеп-гимназиясы, балаларды қолдау орталығының командасы - SANLIN футбол академиясының екі командасы.
Турнирдің жеңімпазы балаларды қолдау орталығының командасы болды, олар нағыз мінез, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетіп, 1-ші орынды лайықты иеленді! Барлық командаларға қатысқаны үшін және әдемі ойындары , спорттық рухы үшін алғыс айтамыз. Балаларды дайындаған жаттықтырушыларға да алғыс білдіреміз.
Біздің елімізде әрқашан бейбіт аспан болсын, ал балалар бақытты, дені сау болып өссін және спортпен айналыссын деп тілейміз!