Кім, қайда жұмыс істейді

2022ж.20.09. күні  ҚР-дағы  Еңбек күніне арналған іс-шаралар аясында тәрбиеші Н.Т. Сағындықова " Кім, қайда жұмыс істейді?" тақырыбында квест – ойын өткізді. Ойын тақырыбы кездейсоқ емес . Орталықта жаңа балалар өте көп, олар үшін қызметкерлердің есімдерін, немен айналысатынын есте сақтау қиын.

Ойынның тағы бір маңызды міндеті  тәрбиеленушілердің  әртүрлі мамандықтарға, атап айтқанда орталық қызметкерлерінің кәсіптеріне және олардың жұмыс орындарына қызығушылықты дамыту болды. Маршруттық парақты ұстана отырып, екі команданың қатысушылары көрсетілген маршрут бойынша барлық станцияларды жүріп өтті. Мысалы, "Кір жуу" станциясында балаларды кір жуғыш машиналардың операторы Екатерина Евгеньевна Панова қарсы алды.

Ол балаларға өз жұмысы туралы айтып, кір жуу алгоритмі бойынша  конкурс өткізді.   Әр станцияда балалар қызметкерлермен танысып қана қоймай, мамандық туралы құнды ақпарат алды. Соңында есеп комиссиясы қорытынды жасады. Бірінші орынды "Бірлік"командасы алды. Жаңадан келген тәрбиеленуші Иванова Виорика  ойын  барысында алған білім, олардың келешекте мамандық таңдауына көмектесетіндігін жеткізді.