Көңілді демалыс күні

Қыс аяқталуға жақын, бірақ бұл Екібастұздықтардың сүйікті орнына "Снежинка"қысқы демалыс базасына бармауына себеп бола алмайды. Балалар таза ауада  жағымды  ортада демалды. Қарда жүргішпен, Плюшкамен , шаңғымен сырғанады, содан кейін жылынып  ыстық шай мен бутерброд... 

Сосын тағы да сырғанау! Уақыт  тез  өте шықты. Бұл өте қызықты, керемет демалыс болды  ! Біз жыл сайын  қыста демалуға келеміз  бірақ әр жолы  әр түрлі, жаңаша болады!  Көптеген балалар үшін мұндай демалыс бірінші рет, жаңадан келген  балалар таңданыстарын жасыра алмады! Біздің көп жылдық  досымыз, тәлімгеріміз, "Восточный" разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Василий Петрович Давиденкоға және жастар Кеңесіне - Тимур Бейсенбаевқа, Талғат Кенжебаевқа және Евгений Қаратаевқа  рахмет айтамыз..  Біздің естеліктер қоржыны тағы бір ұмытылмас  оқиға және  күшті  демалыспен толықты!