Лазертаг

Орталық тәрбиеленушілері үшін 2022ж. 8 мамыр жарқын позитивті эмоцияларға толы күн болды. "Патриот" пейнтбол клубының жетекшісі Власьева Елена Михайловна тәрбиеленушілерді жаңа буын-лазертаг әскери - тактикалық ойынына қатысуға шақырды.

Лазертаг-қауіпсіз лазерлік қаруды және соққыларды тіркейтін сенсорларды пайдалана отырып ойнайтын қызықты спорт түрі. Ойын кезінде қатысушыларға датчиктері бар арнайы киім кигізіледі. Лазермен ататын арнайы "қару" беріледі. Егер қатысушы басқа жарық сәулесіне түссе, онда ол ойыннан шығады. Ойынның мақсаты-қарсыластың сенсорларын қару шығаратын инфрақызыл сәулемен соғу.

Барлық ойыншылар сенсорлармен және лазерлік қарулармен жабдықталған төрт командаға бөлінді .Команда басшысы Екібастұз қаласының интернационалист-жауынгерлерінің бас қолбасшылары болды , олар өз командаларына тактикалық кеңестер беріп, олардың көңіл-күйін қолдап, жеңіске ынталандырды . Балалардың пікірлері бойынша-бұл керемет ойын болды! Ерекше сезім! Ең бастысы - әр кім өздерінің жеке мүмкіндіктерін бағалады, , кейбірі алғашқы ұрыстан соң –ақ шаршап , жүгіре алмай қалса да команданың намысы үшін күресті жалғастырды. Жалпы, балаларға бәрі ұнады, олар әлі де болса жүгіріп, атысып ойнағысы келді.

Бұл балалар тер шығарып жүгіріп,компьютер мен айпадтан бір уақыт алшақ болыып, уақытын қызықты өткізетін тамаша орын. Өйткені, бұл" мергендер " ойыны ғана емес, сонымен қатар спорт, қиял мен тапқырлық, ептілікті дамытатын ойын. Ауған жауынгерлері және Елена Михайловнаға бізбен бірге керемет уақыт өткізгені үшін, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!