Игі істер марафоны

Орталықтың тәрбиеленушілері  достары №24 мектеп — гимназиясының оқушыларымен  бірге  "Игі істер" марафонына белсенді қатысып, 1- даму орталығының мектеп жасына дейінгі балаларына  "Шалқан "супер көңілді ертегісін ұсынды.

Бұл іс-шара балалардың назарын, кішілеріне қамқорлық жасау, мейірімділік пен қолдау көрсету қабілетін дамытуға бағытталған

Орталық тәрбиеленушілерінің "Игі істер" марафонына қатысуы жай ғана формальдылық емес, бір реттік акция емес. Бұл мақтануға болатын нағыз әрекет. Біз балаларымыздың  жанашыр, әлеуметтік маңызы бар бастамаларға бей –жай қарамай  қолға алып, қолдай білетіндігіне шын жүректен қуаныштымыз және мақтанамыз. Олардың игі істері — бұл кішігірім қадамдар басқаларға үлкен пайда әкелетіндігінің мысалы.