2022ж.13.01. күні балаларды қолдау орталығы өз үйлерінде қонақтарды, қазіргі күні «Жас өркен» жастар үйінде тұрып жатқан түлектерді қүтіп алды. Орталықтың балалар өкілдігі , әкім Махажанова Айжанмен бірлесіп, Жастар үйінің балаларына хабарласып, өзара дебат ұйымдастыруды ұсыныпты. Дебат басталардан 20 минут бұрын ұсынылған тақырыптардың ішінен «махаббат және ақша» тақырыбы таңдап алынды.
Мекеме басшысы Абдрахманова Нагима Атаевна балаларды жылы қабылдап, іскерлік ойын ұйымдастырып отырғандарына қуанышты екендігін жеткізіп, ойынның барлығына да ұнайтындығына сенім білдірді. Өз кезегінде түлектер балаларды жаңа жылмен құттықтап , Орталықтың балаларына фотоальбом сыйлады. Махаббат пен ақша- біздің өмірімізде өзгермейтін серіктер болып табылатын, тағдырымызға зор әсерін тигізетін, мәдениетте үлкен маңызға ие екі құбылыс. Бұл салыстыруға келмейтін нәрселер бір-біріне қайшы келетін жағдайлар болады.
Бұл адам қандай да бір таңдау алдында тұрған кезде туындайды- ақшаны, байлықты , қамтамасыздықты немесе махаббат, жылулық, қуаныш пен бақытты таңдау . Ойын технологиясы /пікірсайыс / балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ пікірталасты сауатты жүргізуге, білім мен логикалық ойлау негізінде өз позициясын қорғауға, өз позициясын қалыптастыруға және қорғауға мүмкіндік беретін өзінің қағидалары мен ережелері бар ойын. Соңғы кезде бұл ойын балаларды тарта бастады, әркім өзін дебатер рөлінде сынап көргісі келеді.
Ойын белсенді түрде өтті, әзілдер, күлкі көп болды, әр команда командалық рух пен шешендік шеберлікті көрсетуге тырысты. Төрешілер алқасы үшін үздік команданы анықтау қиынға соқты, әр тарапқа мақтау мен ұсыныстар айтылды. Үздік ойыншылар Милошевич Дима және Махажанова Айжан. Олар ойын барысында өз позициялары мен болжамдарын нақты дәлелдей білді. Қарым-қатынас дәмді дастархан басында жалғасты. Балалар айына 1 рет пікірталас өткізуді ұсынды, ересектер қуана қолдады.