"Біз сенім телефонын қолдаймыз!" тақырыбындағы әңгімені басшының орынбасары Г. К. Абдулина және тәрбиеші Л. Д. Ткачева жүргізді.
Мақсаты-тәрбиеленушілерге, әсіресе уақытша топтың жаңадан келген балаларына сенім телефоны қалай жұмыс істейтініндігі туралы ақпарат беру; өмірлік қиын жағдайға душар болған кезде сенім телефонына хабарласып көмек сұрауға ынталандыру.
Әңгімелесу барысында балалар алғашқы сенім телефонының пайда болу тарихымен танысты. Сенім телефоны психологиялық көмектің бір түрі екендігін білді, көмек көрсету дағдыларын талқылады.