Болашағы біртұтас елміз

Казақстан Республикасының  ең  басты мемлекеттік мерекелерінің бірі - Республика күні  қарсаңында біздің  Орталықта "Болашағы біртұтас елміз" атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

Іс -шараның мақсаты- жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты,еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру,мемлекеттік мерекенің маңызын түсіндіру және көркемсөз арқылы балалардың тіл мәдениетін дамыту болды.

Сайысқа тәрбиеленушілер белсене қатысып, Отан,тәуелсіздік, ел бірлігі  туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды.Қатысушылардың орындау шеберлігі,дауыс мәнері,көркемдік талғамы және сахна мәдениеті іс -шараға арнайы шақырылған әділқазылар алқасы, Орталықтандырылған  кітапханалар жүйесінің оқырман залының қызметкерлері - Цветкова Светлана Владимировна мен Левина Салтанат Асылболатовна тарапынан жоғары бағаланды.

Үздік өнер көрсеткен қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Өз кезегінде тәрбиеленушілер қонақтарды кәсіби мерекесі кітапханашылар күнімен құттықтап,өлең жолдарын арнады.