2026 жылдың 04.01.күні балаларды қолдау орталығының 7 тәрбиеленушісі "Санлин Екібастұз" футбол академиясының тәрбиеленушілері арасында өткен футболдан дәстүрлі қысқы турнирге қатысып, жүлделі 3 орынға ие болды!
Тәрбиеленуші Максим Жақаев үздік ойыншы деп танылып, кубокпен марапатталды! 2013-2015 жылдары жасөспірімдер арасында футболдан қысқы турнир Жасыбай спорт кешенінде болып өтті, "Санлин" жетекшісі Шегебаева А. М.
"Үміт" балаларды қолдау орталығының ересектер мен балалар ұжымы атынан басшылыққа, жаттықтырушылар мен жарыс ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, жаңа 2026 жылмен құттықтаймыз ! Сізге мықты командалық рух, жарқын жеңістер, сенімді ойын және жаңа жетістіктер тілейміз. Әр сайыс қуаныш әкелсін, ал 2026 жыл үлкен мақсаттар мен әдемі голдар жылы болсын!