Біздің отбасымыз бірлікте

Біздің Балаларды қолдау орталығында әртүрлі ұлт өкілдерінен шыққан балалар тұрады: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, башқұрттар, немістер, сығандар… Әрқайсының өз мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Бірақ бізді біріктіретін басты нәрсе — біз бір шаңырақ астында, бір үйде, бір Отанда өмір сүреміз.

Педагогтарымыздың басты мақсаты — тек тәрбиелеу ғана емес, балаларды ортақ ойындар ортақ қызығушылықтар мен іс - шаралар арқылы біріктіру. Бізде ұлтқа бөліну жоқ — бізде достық, құрмет және Отанға деген махаббат бар. Ал біздің Отанымыз –Қазақстан!