Жасөспірімдер арасындағы қатыгездік және зорлық-зомбылық мінез-құлықтың алдын алу мақсатында тәрбиеші Л.Д. Ткачева «Зорлық-зомбылыққа жол берме» тақырыбында әңгіме сағатын өткізді.
Балалармен әңгімелесу барысында қатыгездік, зорлық-зомбылық деген не? Зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар және олар қалай байқауға болады ? Зорлық-зомбылық жасайтын адамның мақсаты қандай? Неге зорлық-зомбылық жасалады? Зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұруға болады? деген сұрақтар талқыланды.«Миға шабуылы» әдісі бойынша кесте толтырылып, «Қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұруға болады» жаднамасы әзірленді. Жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік проблемасы қазір өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Бұл мәселе жаңадан пайда болған жоқ , ол әлемнің барлық елдерінде әрқашан да болған. Зорлық-зомбылықты ересектер немесе балалар бір-біріне қатысты, ата-аналар балаларға қатысты көрсете алады. Бір топ адам бір адамға қатысты зорлық-зомбылық жасай алады, бұл топтық зорлық-зомбылыққа жатады. Неге кейбiр адамдар зорлаушы, ал кейбiреулерi құрбан болып шығады? Зорлық-зомбылыққа қалай қарсы тұруға болады? Біз «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық акциясы аясында барлық мекемелерде, соның ішінде біздің отбасымызда өткізіліп жатқан іс-шаралар біздің балаларымызға «Махаббат, мейірімділік пен қайырымдылық болған жерде қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың орны жоқ!» атты қарапайым ережені меңгеруге көмектеседі деп үміттенеміз.